Понедельник, 4 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтарПрезидент «нақты уақыт экономикасына» көшу өте маңызды екеніне назар аударды.

Президент «нақты уақыт экономикасына» көшу өте маңызды екеніне назар аударды.

Себебі дәстүрлі жүйеде мемлекет үнемі «ізінен қуып» отырады.

– Мысалы, бюрократиялық рәсімдер мен бітпейтін келісулер қаржының тиімділігін 30 пайызға дейін азайтады. Тексеріс салық жинау кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі. Ал ол кезде бюджет қаржысы әлдеқашан игеріліп қояды. Жасанды интеллект арқылы күшейтілген платформалық тәсіл бұл ретте едәуір алға озуға жағдай жасайды. Атап айтқанда, үздіксіз предиктивті мониторинг мақсатсыз немесе күмәнді транзакцияларды алдын ала анықтайды. Бұл ретте тек мемлекет ресурсына сенім арту стратегиялық тұрғыдан қате екенін ескерткім келеді. Қабылданған платформалық шешім жеке капиталдың бәсекеге қабілеттілігін сақтайтын басты құрал болуға тиіс. Негізгі міндет – осындай институционалдық орта қалыптастыру. Үкімет бизнесті ынталандыратын нақты ұсыныстар енгізуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments