Пятница, 23 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтарРеспублика күні қарсаңында 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік және басқа да салалардың...

Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік және басқа да салалардың 473 жұмысшысы мемлекеттік наградаларға ие болды

🔹Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік сала еңбеккерлері III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері атанды.

🔹«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Б.Бәйменге, Т.Мүсілімге, П.Палтаевқа, М.Сайланбекке, А.Темкинаға және басқа да тұлғаларға берілді.

🔹«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына педагогтер және білім беру саласының өкілдері Н.Каранда, К.Мәжитова, Е.Омарханов, Н.Сафиуллина, «Қазақстанның халық әртісі» атағына өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев, Н.Өтеулов лайық деп танылды.

🔹Бірқатар медицина қызметкері, соның ішінде Т.Шарманов атындағы Ұлттық медициналық университеттің профессоры Т.Таркина «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағының иегері атанды.

🔹Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер және құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін», сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

🔹Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері, сондай-ақ күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

🔹Кавалерами ордена «Еңбек Даңқы» ІІІ степени стали труженики промышленности, транспорта, строительства, сельского хозяйства и других производственных отраслей.

🔹Почетное звание «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» присвоено видным представителям сферы культуры Б.Баймену, Т.Мүсілім, П.Палтаеву, М.Сайланбек, А.Темкиной и другим.

🔹Звания «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» удостоены педагоги и представители сферы образования Н.Каранда, К.Мажитова, Е.Омарханов и Н.Сафиулина.

🔹Звания «Қазақстанның халық әртісі» удостоены деятели искусства Т.Мусабаев, Н.Отеулов.

🔹Обладателями почетных званий «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» стал ряд медицинских работников, включая профессора Национального медицинского университета им. Т. Шарманова Т.Таркину.

🔹За образцовое исполнение воинского и служебного долга, мужество и самоотверженность, проявленные при обеспечении законности и правопорядка, укреплении национальной безопасности страны орденами «Даңқ» I и II степени, «Айбын» I, II и III степени, медалями «Ерлігі үшін» и «Жауынгерлік ерлігі үшін» награждена группа военнослужащих и сотрудников правоохранительных органов.

🔹Всего государственными наградами отмечены 129 ветеранов труда, 473 рабочих и тружеников промышленности, транспорта, строительства, сферы сельского хозяйства и других отраслей, более 200 представителей малого и среднего бизнеса, более 150 педагогов и ученых, порядка 120 медицинских работников и другие граждане, которые своим ежедневным трудом вносят личный вклад в развитие страны.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments