«Адамға алдымен тəлім-тəрбие бермей, ғылым-бiлiм берсе – ол ортаға опат əкеледі», – деп тұжырым жасаған өз дəуірінде Əл-Фараби бабамыз.
Осы қанатты сөз əркімнің бойында алғашқы кезекте имандылықты, инабаттылықты, адамгершіліктi тəрбиелеуге ғұлама ойшылдың ерекше мəн беріп, назар аударғанын көрсетеді.
Бала бойына жас кезінен бастап ең маңызды рухани құндылықтар – адамгершілік, Отанды сүю, мейірім, төзімділік, имандылық, əдептілік, адалдық сияқты жəне басқа да асыл қасиеттерді дарытуға күш салуымыз керек. Мұғалімнің ең негізгі міндетінің бірі – балаларды осынау адамгершілік құндылықтарының маңызына ден қоюға үйрету.
дылықтарының маңызына ден қоюға үйрету. Расында, тек адамгершілігi мол азамат қана алған терең білімін ел игілігiне жұмсайды. Кез келген iрi мақсатқа əуелі оны идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етiп алған соң ғана жетуге болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жас жеткіншектерді оқытып, тəрбиелеу қазір аса маңызды. Сондықтан халқымыздың тарихын, мəдениетін, тілін қадірлеп, оны өмірде қолдана бiлетiн жəне туған елінің жетiстiктерiне үлес қосып, оны мақтан тұтатын азамат сомдау бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет.
Гүлнар АРШАБЕКОВА,
Ш.Уəлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі.