Суббота, 24 октября, 2026
Басты бет23 тамыз - Құрылтай сайлауыСАЙЛАУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

САЙЛАУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Қазіргі ақпараттық қоғамда кез келген саяси науқан кезінде түрлі мәліметтер мен пікірлер кеңінен таралады. Құрылтай сайлауы да мұндай ақпараттық үдерістен тыс емес. Сондықтан азаматтардың ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенуі ерекше маңызға ие.

Сайлауға қатысты барлық негізгі мәліметтер Орталық сайлау комиссиясының, мемлекеттік органдардың және заңнамада белгіленген ресми ақпарат көздерінің сайттарында жарияланады. Сайлаушылар дауыс беру күні, кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат кезеңдері және өзге де маңызды мәселелер бойынша мәліметтерді осы дереккөздерден алғаны жөн.

Әлеуметтік желілерде немесе түрлі интернет-платформаларда таралатын расталмаған ақпараттарға сын көзбен қарау қажет. Кей жағдайда жалған мәліметтер азаматтарды жаңылыстырып, сайлау процесіне деген сенімге кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан кез келген ақпараттың шынайылығын бірнеше ресми дереккөз арқылы тексеру – бүгінгі күннің маңызды талабы.

Сайлау мәдениетінің қалыптасуы азаматтардың құқықтық сауаттылығымен де тығыз байланысты. Заң талаптарын білу, ресми ақпаратқа сүйену және қоғамдық процестерге жауапкершілікпен қарау – әділ әрі ашық сайлаудың маңызды алғышарттарының бірі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments