Четверг, 3 сентября, 2026
Басты бетПослание президентаСАПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЕРТЕҢІ

САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЕРТЕҢІ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, жоғары оқу орындарының дайындығы туралы ғылым жəне жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, білім беру нысандарының санитариялық-эпидемиологиялық дайындығы туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Əлназарова, білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов, мектептердің интернетпен қамтылуы жəне цифрландырылуы туралы жасанды интеллект жəне цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндады. Сондай-ақ Атырау, Алматы, Ақмола жəне Павлодар облыстары əкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр білім беру сапасын арттыру жəне балаларды оқыту мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып саналатынын атап өтті.

«Жаңа Конституцияда еңбексүйгіштік, прогресс жəне білім құндылықтары негізгі қағидаттар ретінде бекітілген. Əсіресе, білім мен адам капиталын дамытуға айрықша мəн беріліп отыр. Ата заңымызда айқындалған қағидаттар оқыту сапасы мен өскелең ұрпақ тəрбиесінен нақты көрініс тауып, əр балаға бірдей мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан біздің міндетіміз – жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасау», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр балалар мен жастардың бойында құқықтық жəне экологиялық мəдениетті, азаматтық жауапкершілік пен «Заң мен тəртіп» қағидатын құрметтеуді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Жалпы алғанда, тəрбие жұмысы «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасына жəне «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына негізделіп, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы нақты нəтижеге бағдарлануы тиіс.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру нысандарын салу жəне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 1 қыркүйекте 47 жаңа мектеп, оның ішінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 20 мектеп ашылады. Өңір əкімдіктері оқу жылының басталуына қарай олардың толық функционалдық дайындығын қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қолдауға мұқтаж барлық отбасыларға материалдық жəне əлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Ол үшін жергілікті бюджеттерде қажетті қаражат көзделген. Бұл 400 мыңнан астам балаға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Өңір əкімдеріне көмектің шын мəнінде мұқтаж жандарға берілуін қамтамасыз етіп, əрбір нақты жағдай бойынша уақтылы шаралар қабылдауды тапсырамын», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр үш ауысымды оқыту жəне оқушы орындарының тапшылығы мəселесін шешуде оң үрдіс бар екенін атап өтті.

Бұл ретте өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы қажет. Оларды педагог мамандармен жəне оқу-техникалық базамен қамтамасыз ету мəселелерін қазірден шешу керек.

1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға тиіс екеніне бөлек назар аударылды. Премьер-министр бірқатар өңірлерде 13 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екенін атап өтті. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан жəне басқа да облыстар бар. Аталған өңір əкімдеріне жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын тікелей бақылауға алу тапсырылды.

Бұдан бөлек, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін физика, химия, биология, робототехника бойынша 500 пəндік кабинетті сатып алуды қамтамасыз ету қажет. Жалпы, жыл соңына дейін еліміздің мектептерінде барлығы 1400-ден астам арнайы кабинет орнату керек. Бірқатар өңірлер тез арада қаржыландыру мəселесін шешуге тиіс. Мұнда бірінші кезекте Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ұлытау жəне Ақмола облыстары сөз болып отыр. Олжас Бектенов кабинеттерге қажетті жабдықтарды жылдам сатып алу үшін барлық рəсімдерді тездетуді тапсырды.

Премьер-министр сондай-ақ инфрақұрылымдық жəне əлеуметтік нысандарды жеделдетіп салу мəселесіне де тоқталды.

«Кеше Мемлекет басшысы экономиканы дамыту жөніндегі кеңесте инфрақұрылымдық жəне əлеуметтік нысандарды жеделдетіп салу керектігін атап өтті. Осыған баса назар аударыңыздар. Барлық мемлекеттік органдар мен əкімдіктер алдағы кезеңге арналған бюджеттерді қалыптастыру барысында аталған мəселені бақылауға алуы қажет», – деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр цифрлық инфрақұрылым білім беру сапасы мен жасанды интеллектіні енгізуге тікелей əсер ететінін атап өтті. Сондықтан мектептерде жоғары жылдамдықты интернеттің болуы – басым міндеттердің бірі. Жасанды интеллект министрлігі байланыс операторларымен жəне əкімдіктермен бірлесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің, əсіресе шалғай ауылдарда болуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Жалпы алғанда, білім берудің барлық деңгейінде цифрлық технологияларды дамытуға жəне жасанды интеллектіні енгізуге, ең алдымен, білім беру сапасы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.

Балалардың қауіпсіздігі де ерекше бақылауда болуға тиіс.

«Өңір əкімдіктеріне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар жəне Оқу-ағарту министрліктерімен бірлесіп, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың өртке жəне терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде жіберілген кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырамын», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрлігіне «Назар аударыңыз – балалар!» іс-шарасы аясында бұған дейін берілген нұсқамалардың орындалуын тексеру тапсырылды. Іс-шаралар жоспарының өзін қыркүйек айының соңына дейін ұзарту керек. Жол бойында балалар жарақатының алдын алуға баса назар аударған жөн.

Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының əкімдіктері мен басқа да өңірлерге барлық мектептердің бейнебақылау камераларын Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына жыл соңына дейін қосу тапсырылды. Премьер-министр мектептерге бекітілген полиция қызметкерлерінің міндеті тек құқықтық жəне түсіндіру сабақтарын өткізумен шектелмеуге тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, Премьер-министр балалардың жан-жақты дамуы мен табысты білім алуы мектептердегі сапалы əрі дұрыс тамақтануға да байланысты екенін тілге тиек етті. Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір əкімдіктері өнімдердің сапасы мен санитариялық нормалардың сақталуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды. Сонымен бірге, оқу жылының басталуына қарай колледждер мен университеттердің инфрақұрылымын, жатақханаларды жəне оқыту бағдарламаларын талапқа сай дайындауды қамтамасыз ету жөнінде міндет қойылды. Оқу-ағарту, Ғылым жəне жоғары білім министрліктері əкімдіктермен бірлесіп, тамыз айының соңына дейін оқу жылының басталуына толық дайындықты қамтамасыз етпек.

Семей машина жасау зауыты 2025 жылдан бастап жылына 600 бірлік жартылай вагон шығаратын өндірісті іске қосты. Екібастұзда Railways Systems KZ холдингінің теміржол кластері жұмыс істейді. Ол теміржол дөңгелектерін өндіретін «Проммашкомплект» ЖШС зауытымен бір мезгілде іске қосылды. Кластердің құрылуы логистиканы жəне өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыруға, жоғары технологиялық өнім өндіруге жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар «Востокмашзавод» жəне «Format Mach Company» кəсіпорындары сапалы құйма өндірісін кеңейту үшін автоматты қалыптау желілерін енгізу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруда, ал «Railcast Systems» компаниясы соғу-бандаж кешенін құру жобасын жүзеге асыруда.

Осы жəне басқа да ауқымды бастамалардың барлығы елішілік құндылықты арттырып, Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдердің ірі экспорттаушысы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

ҚР Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

https://primeminister.kz/

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments