«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау және заңсыз қоқыс орындарын анықтау бағытында цифрлық технологияларды пайдалану кеңейіп келеді.
Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындардағы және елді мекендер маңындағы тәртіп бұзушылықтарды анықтау мүмкіндігі артқан. Бұл тәсіл заңсыз қоқыс төгетін орындарды дер кезінде анықтап, оларды жою бойынша шара қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда камералар арқылы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарға түсіндіру шаралары да қолға алынуда.
Цифрлық бақылау құралдарының қолданылуы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдерінің біріне айналып отыр. Оның басты мақсаты – тұрғындарды жазалау емес, қоғамдық орындарды таза ұстауға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.


