Астанада «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоғамдық орындардағы тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіппен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәселесіне де назар аударуда.
Мұндай жұмыстар қала аумағын таза ұстауға, абаттандыру ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


