Тұрғындардың жайлы өмір сүруі ең алдымен қоршаған ортаның тазалығына байланысты. Осы ретте «Таза Қазақстан» бастамасы аясында аулалар мен қоғамдық аумақтарды тазалау, санитарлық жағдайды жақсарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Көпқабатты үйлердің аулалары мен жеке сектор аумақтарында сенбіліктер ұйымдастырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналуда. Мұндай жұмыстарға тұрғындардың өз еркімен қатысуы ерекше маңызға ие.
Таза аула – тек көрікті мекен ғана емес, тұрғындардың ортақ мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан әр адам тазалықты өз үйінің ауласынан бастап, қоршаған ортаға ұқыпты қараса, қоғамдағы жауапкершілік те арта түседі.


