Четверг, 18 июня, 2026
Басты бетТаза Қазақстан«Таза бейсенбі» – таза болашаққа әркімнің қосқан үлесі

«Таза бейсенбі» – таза болашаққа әркімнің қосқан үлесі

 

18 маусым күні Жамбыл ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында мемлекеттік мекемелердің өкілдерін, еріктілерді, елді мекен тұрғындарын және белсенді азаматтарды біріктірген «Таза бейсенбі» акциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілігін арттыру және аумақтарды абаттандыру болып табылады. Таңертең ерте акцияға қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды, аулаларды, саябақтарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарына кірісті.

Экологиялық бастама аудан тұрғындарының кең қолдауына ие болды. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап қана қоймай, туған өлкені көгалдандыру мен көркейту жұмыстарына да өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін нығайтып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Жамбыл ауданында сенбіліктер мен санитарлық тазалық акциялары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ауқымды сенбіліктердің бірінде 389 мемлекеттік қызметкер, 453 ерікті және 1599 аудан тұрғыны жұмылдырылды. Жұмыстарға 26 техника тартылып, 55 тонна қоқыс шығарылып, 21 гектар аумақ тазартылды.

Ұйымдастырушылар акцияға белсенді қатысып, елді мекендерді көркейтуге үлес қосқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіреді.

Тазалық әрқайсымыздан басталады. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана ауылдарымыз бен көшелерімізді таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы туған жерге деген жанашырлық адамдарды біріктіріп, келер ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!»

Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments