Пятница, 21 августа, 2026
Басты бетТаза ҚазақстанТАЗА МЕКЕН – ТАЗА БОЛАШАҚ

ТАЗА МЕКЕН – ТАЗА БОЛАШАҚ

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы игі бастамалар жалғасуда. 17 тамызда Тараз қаласының «Ұлы Дала» ықшам ауданында «Таза мекен – таза болашақ» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, аулалар мен қоғамдық орындардың көркін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акцияға тұрғындар мен белсенді азаматтар қатысып, аумақты абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.

Тазалық – бір күндік шара емес. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналғанда ғана қоршаған орта көркейіп, елді мекеннің ажары арта түседі. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды ортақ іске жұмылдыратын маңызды қоғамдық қозғалысқа айналып келеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments