Суббота, 16 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

2026 жылдың 16 мамыр күні Мыңбаев ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – ауылымыздың табиғатын қорғау, қоршаған ортаны тазарту және экологиялық мәдениетті арттыру.
Сенбілікке ауыл тұрғындары мен жастар белсенді түрде қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық акциясы барысында жағалау маңы қоқыстан тазартылып, ауыл аумағын көркейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегімен аула, көшелер мен қоғамдық орындарда тазалық орнады.
Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, туған жерге жанашырлық таныту, табиғатты аялау өте маңызды екендігін тағы да еске салды. «Таза ауыл – таза болашақ!» ұстанымы аясында, біз әрқайсымыз табиғатымызға жауапкершілікпен қарап, оны сақтауға атсалысуымыз керек.
Сенбіліктің нәтижесінде ауылымыздың көркеюіне, тұрғындардың сауаттылығын арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға үлкен үлес қосылды. Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы, ал таза орта – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Мыңбаев ауылдық округінің тұрғындарына табиғатымызды тазалығын сақтауда белсенділік танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Болашақ ұрпаққа таза әрі сау әрікті ел қалдыру – бәріміздің абыройлы міндетіміз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments