Суббота, 2 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтар«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Бүгін тазалық – ертең саулық» акциясы өтті

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Бүгін тазалық – ертең саулық» акциясы өтті

Алматы облысы Іле ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Бүгін тазалық – ертең саулық!» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

«Бүгін тазалық – ертең саулық!» акциясы тұрғындардың экологиялық сана-сезімін арттыруға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауға бағытталған.

Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында эковолонтерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық белсенділер және жергілікті тұрғындар болды. Қатысушылар елді мекен аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жасыл көшеттер отырғызып, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды ұқыпты пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында аудандық мәслихат депутаты Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйлеп, экологиялық мәселелерді шешуде қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: «Бүгінгі акция – әрбір азаматтың қоршаған ортаны жақсартуға қосқан нақты үлесі. Мұндай бірлескен бастамалар қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді», – деді депутат.

Нәтижесінде шамамен 3 тонна қоқыс жиналып, 10-нан астам техника жұмылдырылды. Мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments