Жол картасы аясында әр ауылдық округте, әр көшеде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоғамдық орындар, көше бойлары, арық-атыздар мен ескерткіш маңдары тазартылуда. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды шығару, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қатар атқарылуда.
Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық қызмет мамандары, еңбек ұжымдары және ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. Мұндай жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған.



