қоршаған ортаны сақтау, елді мекендердің санэпидемиологиялық ахуалын жақсарту және халықтың экологиялық санасын қалыптастыруды көздейді. Бүкіл ел бойынша тұрақты түрде тазарту, көгалдандыру және абаттандыру шаралары өткізіліп жатыр. Бұл процеске жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, волонтерлер мен қоғамдық ұйымдар атсалысып, нәтижесінде қала-ауылдардың келбеті айтарлықтай жақсаруда. Акция аясында саябақтар, жағалаулар, көшелер мен аулалар қоқыстан арылып, көшеттер отырғызылып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Бұл игі іс табиғатты қорғаумен қатар, азаматтардың жер-суға деген қамқорлығын арттырып, экологиялық жауапкершілікті күшейтеді. Ең бастысы – тазалық әдеті тек бір күндік сенбілік емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.


