2025 жылғы 4 шілдеде Қарақастек ауылындағы С.Аронұлы атындағы орталық саябақта «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ауыл тұрғындарына экологиялық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіру, табиғатты қорғауға және туған өлкені көркейтуге шақыру болып табылады.
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Момынбек Чамшиев арнайы сөз сөйлеп, жастарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеді. Оның айтуынша, «тазалық — мәдениеттің көрінісі, ал табиғат — болашақ ұрпаққа аманат».
Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштар мен көгалдар ретке келтірілді.
Таза Қазақстан
RELATED ARTICLES