Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетХабарландыруТалдықорғанда «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы басталды

Талдықорғанда «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы басталды

Қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы VІ Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Гүлмира Қалқабаева мәлімдеді.
Дәстүрге айналған рухани шараны Жетісу облысы әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды. Жалпы байқауға 36 воколист, 18 дирижер қатысуға ниет білдірген.
«Байқаудың 1 кезеңі онлайн түрінде 14 сәуірде өтті. Әр қатысушы орындайтын шығармаларын жанды дауыспен өңдеусіз жазып, видеоға түсіріп жіберді.
Халқымыз «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» дейді. Шығармашылық жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келе жатқан Мұқан мұрасын халық санасында жаңғырту мақсатында Республика көлемінде байқау 4 рет өткізілсе, биылғы 6-шы байқау осымен 2-ші рет Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырғанын хабарлағымыз келеді», – деді спикер.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ өнерін дамыту. Дирижерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасу, аталмыш салада жаңа есімдерді анықтау, қазақ музыкасын жаңа шығармалармен толықтыру, қазақ халқының ән-күй туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру.
Оған алыс-жақын елдерден, еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардан кәсіби дирижерлар мен жас әншілер қатысады.
«Іріктеу туры 27 сәуір күні сағат 10.00-де дирижерлер байқауы Бикен Римова атындағы драма театрында, вокалистер байқауы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында болады. Ал жеңімпаздардың Гала-концерті 28 сәуір күні сағат 18.00-де Бикен Римова атындағы драма театрында өтеді», – деп сөзін қорытындылады Гүлмира Мәлікқызы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments