Среда, 8 апреля, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Тамырлас» жобасы аясында «Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары» тақырыбында жастармен кездесу...

«Тамырлас» жобасы аясында «Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Жамбыл ауданы, Самсы ауылдық округіндегі Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебінде «Тамырлас» жобасы аясында «Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің Жамбыл аудандық бөлім басшысы Кенженбаева Айман Утенбайқызы, «Дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Жамбыл ауданы бойынша теолог-маманы Тоқай Бірлік, Жамбыл ауданы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ашимханов Сырым Келісұлы, сондай-ақ Самсы ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шинтемиров Мұқтар Найманқанович қатысты.
Шара барысында жастарға заң мен құқықтың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер өз сөздерінде жастардың құқықтары мен міндеттерін білуінің маңыздылығына тоқталып, адалдық пен әділдік қағидаттарының қоғамдағы және діндегі ортақ құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қажеттілігі ерекше назарға алынды.
Кездесу аясында бейнеролик көрсетіліп, жастармен сұрақ-жауап және пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара соңында Самсы ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шинтемиров Мұқтар Найманқанович қорытынды сөз сөйлеп, жастарға ақыл-кеңесін білдірді.
Мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments