Пятница, 14 августа, 2026
Басты бетТаза ҚазақстанТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Алматы облысының Жамбыл ауданында жастардың қатысуымен тарихи-мәдени нысандардың аумағын абаттандыруға бағытталған экологиялық акция өтті.

Іс-шара барысында тарихи ескерткіштердің айналасы тазартылып, аумақты көркейту жұмыстары жүргізілді. Жастар туған өлкенің тарихи мұрасына ұқыпты қараудың және қоғамдық орындарды таза ұстаудың маңызын көрсетті.

Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың туған жерге деген жауапкершілігін арттырумен қатар, тарихи нысандарды сақтауға қоғам назарын аударуға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаумен бірге тазалық пен ұқыптылықты күнделікті өмір салтына айналдыру.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments