Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК және МӘМС аясында қарастырылған. Дәрілік көмек пациентке медициналық көмек алған сәттен бастап көрсетілуі тиіс. Медициналық көмек алатын пациенттер дәрі-дәрмекпен жедел-жәрдем бригадасы шыққан кезде, амбултариялық және стационар жағдайында қолжетімді.
Ал, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен диспансерлік есепте тұрғандар, жекелеген аурулары бар пациенттер қамтамыз етіледі. Мысалы, темір тапшылығы бар фертильді жастағы әйелдер темір препараттарын ала алады. Атеросклероз ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған пациенттер өз аурулары бойынша қанды сұйылтатын дәрілер (антикоагулянттар) мен басқа да парепараттармен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар пациенттер диспансерлік есепте тұрған пациенттер де тегін дәрі алуға құқылы. Тегін алуға болатын дәрі-дәрмектер ҚР ДСМ №75 бұйрығымен бекітілген.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы