Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарТЖД орман өртінің алдын алуға үндеді

ТЖД орман өртінің алдын алуға үндеді

Қонаев қаласында өткен кезекті баспасөз мәслихаты 2022-2023 жылғы жылыту маусымында орын алған апатты жағдайлар мен орман өртіне қауіпті кезеңге арналды.

Журналистермен тілдесуге облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан келді.

Азаматтық қорғаныс подполковнигінің айтуынша, өткен жылыту маусымында ТЖД тарапынан өрттің алдын алу үшін БАҚ-да барлығы 1106 рет мәлімдеме жасалды. Сондай-ақ қыста ТЖД, ТЖБ мамандары жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен бірлесе облыстағы тұрғын үйлерді, пәтерлерді аралап шыққан.

«Дегенмен, қыс маусымында үйлерден өрт шығудың 278 дерегі тіркелді. 13 адам қаза тауып, 4 адам ыстан уланды. Жылыту маусымы өтіп кетсе де, тұрғындардан өрт қауіпсіздігін сақтауларын сұраймыз», — деді подполковник.

Баспасөз мәслихатында көтерілген екінші мәселе — орман өрті. Самат Кенжеханның мәліметінше, даланың қызыл жалынға орануына қауіпті маусым наурыз айының аяғынан қараша айына дейін жалғасады.

«Өткен аптада облыстағы орман алқаптарының өртенуінің 19 фактісі тіркелді. Статистикаға сүйенсек, далалы аймақтарда от шығуының басты себебі — қураған шөпті және нысандардың қасында қоқысты өртеу, темекі өнімдерін өшірмей лақтыра салу. Орман өрті адамдар мен жануарлардың өміріне, өңірдің экономикасына қауіп төндіреді. Сол себепті әр тұрғын демалысқа шыққанда, егістік жерлерінде, қамыс-қоға арасында жүргенде техникалық қауіпсіздігін сақтауы қажет», — деді Самат Кенжехан.

Айта кетейік, былтыр облыста 10 мың гектар жер өртеніп кеткен.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments