Толыбаев Тілеуқабыл 1949 жылы 20-шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданы, бұрынғы кіші Жалаңаш (қазіргі Ақай Нүсіпбаев ауылы) ауылында дүниеге келген. 1956-1966 жылдары кіші Жалаңаш, үлкен Жалаңаш ауылдарындағы орта мектепте білім алды. 1968-1971 жылдары Ресейде Мурманск қаласында теңіз флотында әскер қатарында болды. 1972 жылы Бозой қой совхозы құрылып жатқан тұста, жас отбасы Бозой ауылына көшіп келді. Алғашында совхозда еңбек жолын токарьлық қызметтен бастап, ауыл шаруашылығында механизатор, комбайн жүргізішісі қызметтерін атқарды. Кейіннен совхоз автогаражы меңгерушісі, инженер қызметін абыроймен атқарды. Қызмет барысында елге сіңірген еңбектері үшін, талай марапаттарға ие болып, өкіметтен алғаш болып автокөлік алды. (Ол кезде жеке машина міну өте қиын болатын). Кеңес өкіметі тұсында ерен еңбегі мен білімі бағаланып, облыстық мәслихаттың қатарынан бірнеше шақырылымында депутат болды, конференцияларда, съездерде ауыл шаруашылығы мен еңбек адамының өтініш-талаптарын мінбелерде басшылыққа баяндап отырды.
1997 жылы Күрті ауданы тарап, ауыл Жамбыл ауданына қараған тұстан жеке кәсіпке бет бұрды. 1914 жылы зейнеткерлікке шықты. Сол кезден бастап, қазіргі уақытқа дейін Бозой ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы.
Толыбаев Тілеуқабыл-Еңбек адамы
RELATED ARTICLES