Тұрмыста газ пайдалану ережелері !
Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданының ТЖБ тұрмыста газ аспаптарын пайдалану әрқашан қауіп-қатермен байланысты екенін ескертеді. Кез-келген сәтте газдың шығуы мүмкін және қасіреттен құтылу мүмкін емес.
Жеке және көп қабатты үйлерде газ баллондарын және орталықтандырылған газбен жабдықтау желілерін пайдалану кезінде қайғылы салдарлардың туындауын болдырмау үшін ұсынылады:
- Газ жабдығының сақталуын және тазалықта ұсталуын қамтамасыз ету;
- Газ жабдықтарының, түтін құбырлары мен желдеткіштердің қалыпты жұмысын қадағалау, газ аспаптары қосылғанға дейін және жұмыс уақытында түтін мұржасына газдың жану өнімдерін бұрумен тартылуын тексеру. Газдалған пешті пайдаланар алдында шибердің (мұржадағы арнайы тосқауыл) толық ашылғанын тексеру;
- Үй-жайда газ иісі қатты пайда болған жағдайда дереу газ құралдарын пайдалануды тоқтату, ашық отты және электр құралдарын пайдаланбау, үй-жайды желдету үшін терезе мен желкөздерді ашу және авариялық құтқару қызметтеріне 104, 101, 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.
Абоненттерге тыйым салынады:
- Үйге (пәтерлерге, бау-бақша үйіне) өз бетімен газдандыруды жүргізу, газ жабдықтарын ауыстыру және жөндеу;
- Газ құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізу. Түтін және желдету жүйелерінің құрылымын өзгерту;
- Ұйықтауға және демалуға арналған газ аспаптары орнатылған үй-жайларды пайдалану;
- Жылыту радиаторынан немесе пештен кемінде 1 м баллонды орнату;
- Екі қабаттан жоғары ғимараттарда, соның ішінде тұрғын – үйлерде газ баллондарын пайдалану.
Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі