Четверг, 16 января, 2025
Басты бетЖаңалықтарТұрғын үйді пайдалануға беру бойынша АНЫҚТАМА

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша АНЫҚТАМА

2024 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 901,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беру жоспарланған, жыл соңында 954,6 мың шаршы метр тұрғын үй қаылданды, оның ішінде:
бюджет есебінен — 20,8 мың шаршы метр,
халық есебінен — 586,4 мың шаршы метр,
жеке құрылысшылар есебінен-347,4 мың шаршы метр.
Сонымен қатар, облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 1304 тұрғын үй сатып алуға 20,7 млрд теңге қарастырылды, оның ішінде: республикалық бюджеттен 315үй сатып алуға 4,5 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен қаржыландырылатын 989 үй сатып алуға 16,2 млрд. теңге. Жыл қорытындысында 1281 тұрғын үй сатып алынды (Балхаш-35, Еңбекшіқазақ-73, Жамбыл-84, Іле-240, Қарасай-199, Райымбек-21, Талғар-254, Ұйғыр-47, Қонаев-321, Алатау-7).
2025 жылы барлық қарыландыру есебінен 787,5 мың шаршы метр тұрғын үй қабылдау жоспарланды, оның ішінде:
бюджет есебінен — 118,1 мың шаршы метр,
халық есебінен — 580,8 мың шаршы метр,
жеке құрылысшылар есебінен-88,6 мың шаршы метр.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 348 тұрғын үй салу жоспарлануда

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments