ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы облысында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға жəне
отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға отбасы мəртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысқан (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тəлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық деңгейде.
Конкурсқа қатысу үшін берілетін өтінім қағаз жəне электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға тапсырылады. Ол мынадай құжаттар:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куəландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куəліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уəкілетті органның кəмелетке
толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді
көшірме;
3)неке қию туралы куəліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куəліктің
көшірмесі (болған жағдайда);
5) балаларды тəрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін
алған көтермелеулердің бар екенін куəландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды жəне (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми
жоғары жетістіктерін куəландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге келісім.
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Барлық мəліметті аудандық (қалалық) ішкі саясат бөлімінен