Пятница, 20 сентября, 2024
Басты бетАЭСХалықтық штаб Алматы облысына келді

Халықтық штаб Алматы облысына келді

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Алматы облысына келді. Олар аймақ жұртшылығымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, жылыжай кешеніне және жергілікті ГЭС-ке барады.

Өздеріңіз білетіндей, еліміздің оңтүстік облыстарында электр энергия тапшылығы бар. Бұл өнеркәсіптің дамуына және жаңа өндіріс орындарының ашылуына кедергі келтіреді. Қазірдің өзінде жыл сайын 4 млрд кВт/сағатқа дейін электр энергия импорттаймыз. 2035 жылға қарай қосымша электр энергияға деген қажеттілік 33,2 млрд. кВт/сағатқа артады.

Міне сондықтан Алматы облысы Балқаш көлінің жағасында орналасқан Үлкен кентінде атом электр станциясын салу жоспарлануда. Мемлекет қуатты электр энергия болмаса өркендей алмайды.

⚡Сондықтан Халықтық штаб Мемлекет басшысының прогрессивті бастамасына Алматы облысының тұрғындары қолдау білдіреді деген сенімде. Өңір тұрғындарының саны біртіндеп өсіп, жастар саны артып келеді. Демек, жаңа жұмыс орындарына деген сұраныс та көбейеді деген сөз. Ал оны тұрақты әрі сенімді энергия көзі болмайынша, жүйелі жүзеге асыру мүмкін емес.

✅Халықтық штаб мүшелері аймақ тұрғындарымен бейбіт атомның болашағы мен артықшылығы туралы әңгімелеседі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments