⚡ Халықтық штаб Қарғалы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылындағы №4 орта мектепте АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ұйымдастыруымен кездесу өтті. Ауыл тұрғындары атом электр станцияларының экологиялық және экономикалық артықшылықтары туралы толық ақпарат алды. «Атом электр станциясы – біздің елдің энергетикалық болашағына сенімді қадам. Ол энергетикалық тәуелсіздікті нығайтып, экологиялық жауапкершілікті арттырады», – деді Халықтық штаб мүшесі Ескелді Құдайбергенұлы. #АЭСүшін #ВыборЗаАЭС #халықтықштаб