Жаңа Конституция жобасында алғаш рет цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы норма бекітілді. Мемлекет цифрлық саланы ресми түрде конституциялық құқықтар кеңістігі деп таниды, бұл құқықтық жүйенің жетілуін және желідегі азаматтардың мүдделерін қорғауды көрсетеді. Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы азаматтардың цифрлық құқықтарын, дербес деректерді және зияткерлік меншікті қорғау қағидаттарын бекітеді. Кіріспе инновацияға, ғылымға және экономикаға бағытталған. Цифрлықорта кибер алаяқтықтан құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін конституциялық құқықтар кеңістігі ретінде танылады. Конституция цифрландырудың жеке деректерін дербестендіруді қорғайды бұл біріншіден. Екіншіден, цифрландыру көптеген адамдарды, жұмысорындарын босатады деген көптеген пікірталастар болды, бірақ Үкіметпен Президент барлық алдыңғы құрылтайда және басқаларында цифрландырудың мақсаты адамдарды жұмыссыз қалдыру үшін емес, адамдар басқа деңгейде жұмыс істеуді үйрену үшін екенін айтты.
Ал жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешім жалпы ұлттық референдумда қабылданады.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Әшекеева



