Бүгін 1 қыркүйек — білім күні қарсаңында Б.Қыдырбекұлы ауылында жаңадан салынған шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысып, жаңа футбол алаңының лентасын кесті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында халық игілігіне берілген спорт алаңының жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайды.
Бұған дейін мектептің ішіндегі жабық алаңда футбол ойнайтын жастар енді ашық аспан астында заманауи алаңда жаттығу жасай алады.