Біраз уақыт бойы адамдар күн астында жүрудің басты пайдасы – адам ағзасында Д дәрумені молынан бөлінуінде деп ойлады. Бұл дәрумен ағзаға кальцийді бөлуге көмектеседі, ал ол өз алдына тіс пен сүйектің мықты болуына әсер етеді. Жақында британдық ғалымдар күннің зат алмасу үдерістеріне, қан қызметін жақсартып, сабырлылықты, иммунитетті нығайтып, аллергиялық ауруларды емдеуге тікелей әсері бар екенін дәлелдеді.
Алайда күндізгі сағат 12 мен 3-тің арасында күн көзінен аулақ болған жөн. Тіпті арнайы кремдерді жағып, қорғану керек. Күнге күйіп, терісін қарайтқысы келетін арулар бұл жайтты есінен шығармауы керек.
Аптап ыстықта адамның дене температурасы 37,1ºС-ден жоғары немесе 38,8ºС болады. Бұл денсаулыққа едәуір қауіпті. Аптап ыстықта күн өтуі салдарынан түрлі сырқатқа шалдығуымыз мүмкін. Сондықтан да қатты ыстықта қорғаныс шараларын ұстану парыз.
Аптап ыстық күндері күн өтуінен сақтаныңыз. Ашық түсті ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған), басыңызға міндетті түрде баскиім киіп жүру керек. Мүмкіндігінше көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра не басқа алкогольді сусын түрлерін ішпеген дұрыс, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады. Күн ыстығына ұрынғанда, көлеңкеге шығып, душқа түсіп, асықпай көп мөлшерде су ішкен абзал. Күн өтуден сақтану үшін денеңізді суытуға тырысыңыз.
Күн ыстығына қарамастан жұмыс жалғаса беретіні анық. Кондиционер астында отыруға болмайды. Кеңсеге терлеп кірген бойда кондиционер астына барып отырсаңыз, оның да кері әсері болады, салдарынан түрлі ауруға шалдығасыз. Тіпті ең ыстық деген күннің өзінде кондиционерді 18 градустан төмен түсіруге болмайды. Ең тиімдісі – дала мен ғимарат ішіндегі температура айырмашылығының 10 градустай болғаны.
Күн өтуден сақтану шаралары
Күн өтуден сақтану үшін аптап ыстық кезінде тамаққа тойып алып немесе спиртті ішімдік ішіп, далада ұзақ жүруге болмайды. Сонымен бірге ашық күн астында ұйықтамаған жөн.
Күн өтпеуі үшін жеңіл бас киім киіп немесе ақ орамал тағып алу керек, сондай-ақ қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін ашық түсті жеңіл киім кию қажет. Сонымен қатар жеңіл аяқ киім киген абзал. Жеміс-жидек, көкөністер мен жеңіл сіңімді тағам жеу де күн өтуден сақтануға көмектеседі. Күннің ыстық кезінде, көбіне, далада көп жүрмей, жабық, салқын жерлерде болған жөн. Сондай-ақ, су ішіп жүруді ұмытпаңыз.
Ыстық кезде ашық күн астында жүрмеуге тырысыңыз. Әсіресе басыңызды жауып тұратын бас киіміңіз болмаса.
Көбірек сұйықтық ішіңіз
Салқын(аса қатты да емес) сусындар ішкен жөн:минералды су,сұйық шәй,шырын, сүт-айран (көже) өнімдері,квас секілді.Күніне кем дегенде 1,5 литр сұйықтық ішу керек,ал ауа температурасы +32 градустан жоғары болған кезде бұл көрсеткіш 3 литрді құрайды.Күніне бірнеше рет салқын душ қабылдаңыз.