2026 жылғы 25 маусым күні Іле ауданы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ұйымдастыруымен террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің Іле ауданы бойынша бөлімінің және аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ аса маңызды мемлекеттік объектілер санатына жататын мекеме өкілдері қатысты.
Жиын барысында объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау, қауіпсіздік шараларын күшейту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жауапты органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері қаралды.
Мамандар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, нысандардың қорғалу деңгейін арттыру және терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігі айтылды.
Аталған шаралар Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында аудан аумағында тұрақтылықты сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.



