Бүгінгі референдумда Ұзынбұлақтық 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын жасады. Ғасырлық ғұмыр иесі ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін дауыс беруге келді.
Ғасыр куәсі болған ақ жаулықты ананың бұл қадамы – жас ұрпаққа үлгі, ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Ел болашағына алаңдаған абзал ананың азаматтық ұстанымы көпшілікке өнеге болды.
Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің төрт буынының өкілдерік дауыс берді. 104 жастағы Күлпара Шортанова, оның 86 жастағы ұлы Марат, 51 жастағы немересі Олжас, 26 жастағы немересі Бейбіт және 19 жастағы шөбересі Бақтияр өз таңдауын жасады.


