Еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасымен онлайн EPS жүйесіне қосылу туралы келісімге келді. Бұл Оңтүстік Корея мемлекетінің шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жасалған «Emploment permit system» жүйесі. Бүгінгі таңда жүйе де 16 ел азаматтары тіркелген. Қазақстан өз азаматтарын 17-ші болып тіркеуге келісім құжаттарын дайындап қойды. Наурыз айында екі ел келісімге қол қояды.
Келісімге қол қойылған жағдайда еліміздің азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ тең еңбек жағдайы мен құқығын қорғау мүмкіндіктеріне ие болады.