Вторник, 7 мая, 2024
Басты бетUncategorizedБолгарияда өткен байрақты бәсекеде Дулат Бекбауов чемпион атанды

Болгарияда өткен байрақты бәсекеде Дулат Бекбауов чемпион атанды

Кіші әлем чемпионатына теңелетін «Странджа кубогінде» әлем чемпионатының күміс жүлдегері қарсыласқа шақ келтірмеді. 67 келіде жұдырықтасқан отандасымыз алғашқы айналымда жергілікті спортшы Благовест Неделчевтен айласын асырса, екінші кездесуінде украиналық Лозан Данилоны ұтты.

Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибиді, финалда үнді Ражат Ражаттан бір бас жоғары болады. Осылайша, отандасымыз құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салып, Қазақстан құрамасын сәтсіздіктен құтқарып қалды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «Странджа кубогінде» тек үш жүлдеге ие болды. Дулаттың алтынынан бөлек, Санжар Тәшкенбай (51кг) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (80кг) қола жүлдегер атанды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments