Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды

Белградта (Сербия) өткен бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс жүлде иеленді.

Жарыстың финалдық кезеңінде қазақстандық 8 былғары қолғап шебері жұдырықтасты. Оның төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыласына есе жіберді. Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. «Belgrade winner» турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары: Алтын медаль Ернұр Қайрат (48 келі); Санжар Тәшкенбай (51 келі); Дәулет Молдашев (54 келі); Диас Молжігітов (75 келі). Күміс медаль Сабыржан Аққалықов (71 келі); Ерасыл Жақпеков (80 келі); Данияр Рахымбердинов (92 келі); Олжас Боқаев (+92 келі). Айта кетейік, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысқан халықаралық турнирде Қазақстаннан 12 боксшы бақ сынады. Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ерасыл Таңқай (63,5 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі) финалға өте алмады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments