Логистика – индустриялық дамудың өзіндік катализаторы болып табылады. Логистика саласын жетілдіру кез-келген елдің әлеуметтік ахуалы мен экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Әртүрлі интеграциялық үдерістердің белсенді қолдаушысы Қазақстан Республикасының басты артықшылықтарының бірі – оның геосаяси орналасуы бойынша Азия мемлекеттері мен Еуропа арасындағы жерүсті көлік қатынасының ең оңтайлы нұсқасы ретінде транзиттік әлеуетті табысты іске асыру мүмкіндігі.
Тәуелсіз соңғы 30 жылда жүк тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 4,2 млрд тоннаны құраса, соңғы 5 жылдағы орташа өсу қарқыны 1,4%-ды құрады. Пандемияға қарамастан, электрондық коммерцияның дамуы мен елдің транзиттік әлеуеті кеңінен қолдау тапты. Транзиттік әлеуетті ел экономикасының өсу нүктесі ретінде қарастыру керек екенін сеніммен атап өтуге болады.
Қазіргі таңда кеңестік дәуірдегі Қазақстанмен салыстырғанда, логистикалық және транзиттік компаниялар саны 2 есе өскен. Атап айтсақ, 21 көлік-логистикалық орталық және 4500-ден астам логистикалық компаниялар белсенді жұмыс жасап жатыр. Тәуелсіз мемлекеттің тұтастығы үшін отандық компанияларды арттыру мақсатында жол-көлік бағдарламаларына Ұлттық қордан 296,7 миллиард тг көлемінде қаржы бөлінген. Эффективті транспортты-логистикалық және индустриалды инфраструктураны жақсарту мақсатында автомобильді және теміржол жолдарды дамыту үстінде.
Қазақстан кәрі құрлықтың жүрегінде орналасу арқылы маңызды стратегиялық жол торабына айналды. 30 жылда еліміз 370 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты, оның 10%-ы тікелей логистиканы дамытуға бағытталды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, ежелгі дәуірдегі Ұлы Жібек жолы сияқты қазіргі Еуропа мен Азияны байланыстыратын жаһандық сауда және көлік жүйелері Еуразия кеңістігіндегі тығыз әріптестік, бейбітшілік пен келісімнің ашық және айқын қарым-қатынастарын дамытудың негізі болып табылады.
Латифов Санжар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Логистика» мамандығының 4-курс студенті.
Жетекшісі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Абдикул Шынар Нұрмұхамедқызы