Бұл жайында Бейжіңде Астана саммитіне арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Жиында еліміздің ұйымға жетекшілік ету кезінде 150-ден аса халықаралық деңгейдегі іс-шара өткізіп, құрылымның беделі арта түскені сөз болды. Бұл жұмыстар Астана саммиті кезінде қорытындыланып, 25 маңызды құжатқа қол қойылғаны ерекше аталып өтті. Ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров Қазақстанның бастамаларын қолдаған мүше мемлекеттер мен ұйымның Бас хатшысы Чжан Минге алғыс білдірді. Қазақстан төрағалығы кезеңінде алға қойған мақсат-міндеттерді толық әрі нәтижелі орындап, жауапты миссия Қытайға табыс етілді. Көрші ел 2025 жылды «ШЫҰ-ның тұрақты даму жылы» деп жариялады.