Бұл туралы Германияның «Ғылым және саясат қоры» атты беделді ғылыми-сараптамалық орталығының мақалалар жинағында жарық көрді. Орта державалар қатарына Қазақстанмен бірге Түркия, Израиль, Үндістан сынды елдер кіреді. Бұл санатқа әдетте халықаралық саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттер енеді. Ғылыми орталық мамандарының пікірінше, Қазақстан сыртқы саясатымен ерекшеленеді. Сол арқылы Орталық Азия аймағында алатын орны зор делінген. Мақалада Қазақстанның сыртқы саясат, экономика және энергетика саласындағы жетістіктері жарияланды.