Четверг, 19 сентября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан атоммен етене таныс мемлекет

Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

Жалпы Қазақстанның атом саласында 20 мың адам қызмет етеді. Бұл туралы белгілі сарапшы Айбар Олжай өзінің Facebook парақшасына еліміздің атом саласындағы әлеуеті жайлы жазба жариялады. 

«Атом деген міндетті түрде реактор емес. Мысалы, Курчатов қаласында Ядролық орталық бар. Бірақ ол жерде атом энергетикасымен емес, ғылыммен айналысатын мамандар жұмыс істейді. Сонда 20 мың адам дегенде, оның құрамына Курчатов, Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты, Алматыдағы Ядролық физика институты, одан бөлек ядролық физика бағытындағы жоғарғы оқу орындары, «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясы мен уран рудниктерінде жұмыс істейтін оның еншілес ұйымдарының барлық қызметкерлері кіреді», – дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет. Жер астынан алынатын уран рудасынан бастап, жылдам нейтрондағы технологиялық реакторға дейін үдерістер еліміздің мамандарына жақыннан таныс. Сондықтан АЭС-ке отандық кадр табу мәселесінде проблема жоқ. Бұл күндері реактордың жанында жүрген отандық маманнан бастап, ядролық физика бағытындағы студенттер қарасы жетіп артылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments