Қазақстан халқына Жолдауында елдің әрбір өңірінде құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, қарқынды түрде жандандыру қажеттігін қатаң атап өтті.
Президенттің пікірінше, халықты сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – азаматтардың тұрмыс сапасын арттырудың басты әрі маңызды шарты.
«Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға ғана қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, оның ауқымын кеңейту қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген шынайы қажеттілікті жан-жақты зерделеп, тиісті талдау жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды тапсырды.
Мадина Тоқтасынова,
“Атамекен” газетінің жауапты хатшысы


