Воскресенье, 8 сентября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Мәслихаттарының 30 жылдығына арналған турнир

Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдығына арналған турнир

Қазақстан Мәслихаттарының 30-жылдығына орай және                 V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Сенаты мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының қолдауымен үш кезеңнен тұратын тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі ұйымдастырылады.

Алматы облысы бойынша қалалық және аудандық іріктеу турнирі 2024 жылдың 19шілдесінде сағат 10.00-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласыныңмәдениет үйінде өткізіледі.

Қатысушылар: мәслихат депутаттары мен аппарат өкілдерінен 1 ер және 1 әйел,БАҚ өкілдері мен блогерлерден              1 ер және 1 әйел (қала және аудан командаларының құрамы 2 ер, 2 әйел адам).

Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық мәслихатының аппараты жәнеҚазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының Алматы облысы бойынша филиалы.

Мақсаты:

а) тоғызқұмалақты депутаттар және қоғам өкілдері арасында танымал ету;

б) Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясыныңатқарушы дирекциялары мен жергілікті жерлердегі өкілді билік органдары арасындағы берік байланысты нығайту;

в) Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының танымалдығын арттыру;

г) тоғызқұмалақ спортын дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару;

е) V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау, сондай–ақ ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ спортын дәріптеу.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments