Жаңа құрам бекітілгенге дейін Қазақстан Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болады. Премьер-министрдің міндетін атқарушы қызметіне Роман Скляр тағайындалды.
Президент Жарлыққа қол қойды:
Қазақстан Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын;
Қазақстан Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін;
Қазақстан Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін;
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.