Қазақ армиясы ақыры шетелге кететін болды. Президенттің бұл ұсынысын Парламент бір ауыздан қолдады. Енді сарбаздар БҰҰ аясында бітімгер ретінде дағдарысты аймаққа аттанады. «Ал олар аман-сау қайта ма, жоқ па бір Құдай біледі» дейді шенеуніктер. Соған қарамастан елден аттанғысы келген офицерлер саны аз емес. Бір орынға 50 әскери таласып отыр. Барған соң оларға қанша жалақы беріледі, қайда тұрақтайды, кім тамақтандырады деген сұраққа Қорғаныс министрі жауап берді.