Понедельник, 29 апреля, 2024
Басты бетСпортТарихи алтын: Илья Мизерных жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды

Тарихи алтын: Илья Мизерных жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды

Ол шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Канвондағы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі, деп хабарлады ҚР Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұл — Қазақстанның қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медалі.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments