Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚар суы қапыда қалдырмасын десек...

Қар суы қапыда қалдырмасын десек…

Жуырда Ұзынағаш, Жаңақұрылыс, Ынтымақ, Қайназар ауылының тұрғындарынан су тасқыны бойынша бірнеше хабарламалар түсті. Осыған орай Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімінің орынбасары А.Туматаев және Б.Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің сарбаздары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері бірігіп арық жүйелерін тазарту, жасанды арық жүйелерін жасау және су жиналатын көлшіктер дайындау жұмыстарын жүргізді. Жамбыл аудан әкімінің орынбасары мен  төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы ауыл тұрғындарына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиевтің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №14 қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан өзендер мен көлдер және су тасқаны қауіпі жоғары учаскелерге комиссия құрамында көзбен шолу тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған учаскелер бойынша көзбен шолу актілері рәсімделді. Жамбыл ауданы аумағындағы елді мекендердегі көктемгі су тасқынының алдын алу айлығы кезеңінде анықталған су басу қауіпті уческелерінде арық-каналдар мен көпір өткелдерін мұздан, қардан,  қоқыстан тазарту және арық-каналдардың жағалауларын инерттік материалдармен бекітіту жұмыстары жүргізілуде.  Осы жұмысқа 2023 жылдың  ақпан айынан бастап бүгінге дейін Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімінің 30 сарбазы, 4 техника, Жергілікті атқарушы биліктен 30 адам 10 техника,  Төтенше жағдайлар гарнизонынан 7 адам                                                      2 техника жұмылдырылды. Тұрғын үй аулаларына кірген қар сулары мотопомпамен шығарылды. Бүгінде Ұзынағаш, Қайназар ауылдарындағы таудан еріген қар сулары көше бойымен және арық каналдарымен ағуда. Көше бойымен аққан суларды арық арқылы  бұру жұмыстары және арық каналдардың жағаларын биіктеп бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл ауданы тұрғындарынан өз аулаларыңызды және көшелеріңізде орналасқан арық-каналдарды күл-қоқыспен толтырмай таза ұстауларын сұраймыз.

Жамбыл аудандық ТЖБ

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments