Пятница, 29 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтар*Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі өндіріс ошақтары мен агроөнеркәсіп кешенін...

*Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі өндіріс ошақтары мен агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялаудың маңызына назар аударды*

🟦Президенттің пайымынша, экономиканы цифрландыру – технологиялық тренд қана емес, бәсекеге қабілетті болудың басты кепілі.

– Қазақстан бұл сынаққа ауқымды Цифрлық трансформация тұжырымдасын қабылдау арқылы жүйелі әрекеттермен жауап бермек. Өнеркәсіп секторы мен тау-кен және металлургия кешеніндегі роботтандыру, «бұлттық» шешімдер, ірі кәсіпорындардың «цифрлық телнұсқасы» өнімділікті ұлғайтып, шығынды азайтады. Ауыл шаруашылығын автоматтандыру мол өнім жинауға, су үнемдеуге, қоршаған ортаға зиянды азайтуға септігін тигізеді. Мал шаруашылығына қағаз жүзіндегі құжат айналымынан бас тартып, есептің дәлдігін арттыратын бірқатар цифрлық жүйе енгізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 650-ден астам «ақылды» фермалар жұмыс істеп тұр. Онда сиыр сауу, бордақылау және микроклиматты қадағалау үрдістері автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Егін және тұқым шаруашылығында өнімді «егіс даласынан тұтынушы дастарқанына дейін» жеткізу тізбегін қадағалайтын жүйе енгізіліп жатыр. Тыңғылықты жоспарлау мен цифрлық болжау мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде Қазақстанда екінші жыл қатарынан егін бітік шығып, 27 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Агродрондар, жерсеріктік навигациялар мен метеостанция мәліметтері кеңінен қолданыла бастады. Жер телімін пайдалануға беру үдерісі электронды форматқа көшірілді. Дихандар мен шаруаларды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері толықтай электрондық форматқа ауысты. Бұл жемқорлық тәуекелдерін азайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

*Президент Казахстана подчеркнул важность цифровой трансформации промышленности и агропромышленного комплекса стран ЕАЭС*

🟦По его словам, цифровизация экономики – это не дань технологической моде, а ключевой фактор конкурентоспособности.

– В Казахстане мы подошли к этому вызову достаточно системно, запустив масштабную Концепцию цифровой трансформации. Роботизация, облачные решения в промышленном секторе и горно-металлургическом комплексе, «цифровые двойники» крупных промышленных предприятий повышают производительность, снижают издержки. Автоматизация сельского хозяйства увеличивает урожайность, сберегает водные ресурсы, снижает нагрузку на экологию.  В животноводстве развернут ряд цифровых систем, которые исключают бумажный документооборот и повышают достоверность учета. По всей стране приступили к работе более 650 «умных» ферм, оснащенных автоматизированными системами доения, кормления и контроля микроклимата. В растениеводстве, включая семеноводство, последовательно внедряется система прослеживаемости продукции по принципу «от поля до стола». Благодаря цифровым возможностям детального планирования и прогнозирования Казахстан второй год подряд собирает рекордные объемы зерновых – на уровне 27 миллионов тонн. Ведется работа по полной оцифровке всех сельскохозяйственных угодий. Активно расширяется применение агродронов, спутниковой навигации и данных метеостанций. В электронный формат переводится процесс предоставления земель в пользование. Государственная поддержка аграриев будет полностью переведена в электронный вид, что снизит коррупционные риски, – сообщил Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments