Отбасы – адам үшін ең жақын әрі қауіпсіз орта болуы тиіс. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыру қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі.
Бұл бағытта құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер тарапынан профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға өз құқықтарын қорғау жолдары түсіндіріліп, қиын жағдайға тап болған адамдарға қажетті көмек көрсету тетіктері қарастырылған.
Отбасындағы түсіністік, сабырлылық және бір-біріне деген құрмет кез келген мәселені бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Қауіпсіз отбасы қалыптастыру – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.


