🔹Қарулы Күштердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау, сондай-ақ Конституциядағы «Заң мен тәртіп» қағидатына сай тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру реформаның маңызды бағыттарының бірі болмақ.
🔹Аталған шаралар әскер қатарындағы тәртіп пен қоғамның армияға деген сенімін нығайтуға бағытталған.
🔹Жоспарда көзделген ұйымдастыру шаралары осы жылдың соңына дейін, ал негізгі тұжырымдамалық шаралар келесі жылы іске асырылады.
🔹Жиын барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
🔹Президент әскери қауіпсіздік бүкіл мемлекетке ортақ міндет екенін, сондықтан барлық мүдделі органнан үйлесімді жұмыс істеу талап етілетінін ескертті.
🔹Отырыс қорытындысы бойынша Әскери реформа жоспары мақұлданды.
🔹Мемлекет басшысы жоспарланған өзгерістерді уақтылы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды екенін атап өтті.
🔹Жоспардың орындалуын үйлестіру міндеті Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесіне жүктеледі.
t.me/aqorda_resmi



