Воскресенье, 23 августа, 2026
Басты бет23 тамыз - Құрылтай сайлауыҚос ғашық табысты: Алматы облысының сайлау учаскесінде жігіт сүйіктісіне сөз салды

Қос ғашық табысты: Алматы облысының сайлау учаскесінде жігіт сүйіктісіне сөз салды

Іле ауданында Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жиналған жұртшылық жүрек тебірентерлік оқиғаның куәсі болды. Ғашықтар сайлау учаскесінде өміріндегі ең маңызды қос бірдей маңызды таңдауды қатар жасады.
Дауыс беріп болған соң, жігіт сүйіктісіне күтпеген жерден үйленуге ұсыныс білдіріп, жүзік сыйлады. Бұл сәт учаскедегі сайлаушылардың ерекше назарына ілікті. Қыз келісімін беріп, учаскедегі көпшілік жұпқа қошемет көрсетіп, құттықтады. Қанат Мейіржанның айтуынша, ұсыныс жасау үшін дәл осы күнді таңдауы кездейсоқ емес.
*«Бүгін әр азамат елдің болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатыр. Осы күнді өмірімдегі ең жауапты сәтпен байланыстыруды жөн көрдім. Сондықтан сүйіктіме бүгін ұсыныс жасадым»,* – деді ол.
Қыз бұл оқиғаның күтпеген жағдай болғанын айтады.
«Біз сайлау учаскесіне бірге дауыс беруге келдік. Бірақ мұнда маған ұсыныс жасайды деп мүлде күтпедім. Енді бұл күн мәңгі есімде қалатыны сөзсіз», – деді Ажар Жанарбек.
Осылайша, Құрылтай сайлауы күні жастар екі маңызды оқиғаны тоғыстырды: дауыс беруге қатысты және өмірлерінің жаңа, ортақ кезеңіне бірге қадам басты.
Айта кетейік, бүгін Алматы облысында 1 042 987 азамат Құрылтай сайлауында таңдау жасайды. Оның ішінде 14 104 адам 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

*Алматы облысының ӨКҚ*

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments