Қош келдің, әз Наурыз!
Бүгін Жамбыл ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай округімізде кең көлемде «Қош келдің әз-Наурыз!» атты тақырыпта мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Көктемнің шуақты күнінде тұрғындар бір алаңға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, көтеріңкі көңіл-күймен мерекені атап өту үшін жиналды. Мерекелік іс шараны округ әкімі Джайлямысов Бақытжан Хасымханұлы құттықтау сөзімен бастап осы іс-шараға белсенді қатысып өз үлестерін қосқан азаматтарды марапаттады.
Осы іс-шараны ұйымдастырған Жамбыл ауылдық округі бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Онбаев Еркебұлан Жақсынұлы халықты Наурыз мерекесімен құттықтап алғысын білдірді. Іс-шараға республикалық, облыстық, аудандық батагөй жарыстырының женімпазы Масенов Әлқожа атамыз батасын берді.
Іс-шара барысында қазақтың ұлттық ойындары ойналып, ән мен күй шырқалып, би биленді. Ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, жастарға ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл мереке – бірлігімізді нығайтып, берекемізді арттыратын ерекше күн. Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
«Қош келдің әз-Наурыз!» атты тақырыпта мерекелік іс-шара
RELATED ARTICLES



