Қоғамдағы тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Әр адам өз іс-әрекетіне жауапты екенін түсінгенде ғана қоғамда шынайы тәртіп орнайды.
Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі ерекше назарда. Қалалар мен ауылдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың нәтижелі болуы халықтың қолдауына да байланысты.
Тәртіп – мәдениеттіліктің белгісі. Заңды сыйлаған қоғамда бірлік пен ынтымақ болады. Сондықтан әрбір азамат қоғамдағы тәртіпті сақтауға өз үлесін қосуы қажет.


